Текст
«Отрадное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9-сынып оқушысы Сушко Тимур республикалық «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылар мен өлкетанушылар байқауының аудандық кезеңіне қатысты. Қазақстан тарихы пәні бойынша тест орындады да содан кейін туған өлкенің тарихымен таныстырды. Ол тарих пәнінің мұғалімі Н.Я.Соколовамен бірге бейнежоба дайындап, оны байқаудың аудандық деңгейінде көрсетті.