Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарындағы
мектеп медиациясы қызметі туралы
Ереже
1 - тарау. Жалпы ереже
- Осы Ереже мектеп медиациясы қызметтерінің (бұдан әрі – ММҚ) мақсаттарын, міндеттерін және ұйымдық негізін айқындайды;
- ММҚ меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіз кеңістік, тең мүмкіндіктер мен мүдделерді қорғау үшін жағдай жасау мақсатында құрылады;
- Медиация қызметі педагогтердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ерікті күш-жігері негізінде дауларды реттеуге және шешуге бағытталған қызмет түріндегі білім беру мекемесіндегі тәрбие жұмысының бағыты болып табылады;
- ММҚ қызметі дауласушы тараптар арасындағы дауларды реттеуде медиативтік әдіс арқылы медиативтік тәсілді пайдалануға негізделген;
- Медиативтік тәсіл – медиация қағидаттарына негізделген, толыққанды рәсім ретінде медиацияны жүргізбестен күнделікті жағдайларда даулар мен жанжалдардың алдын алу және (немесе) тиімді шешу үшін негіз болатын оң саналы қарым-қатынас дағдыларын меңгеруді көздейтін қызметтік тәсіл;
- «Мектеп медиациясы» әдісі – дауларды шешудің заманауи балама тәсілі ретінде білім беру процесіне қатысушылар арасындағы дауларды шешу және жанжалды жағдайлардың алдын алу үшін қолданылатын инновациялық әдіс;
- Білім беру мекемесінде ММҚ дамыту балаларды тәрбиелеу мен білім берудегі басым міндеттердің бірі болып табылады;
- ММҚ өз қызметін келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Бала құқықтары туралы конвенция;
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4) Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы;
5) Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы;
6) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
7) Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заңы;
8) Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы.
Бейімделу бойынша жұмыс