Текст
25.12.2025
Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс тамақтану мәселелері ерекше өзектілікке ие. Халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚДСҰО Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросының қолдауымен «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик әзірледі.
https://drive.google.com/drive/folders/19OGMxS7iTHo2LiTzaB8CA9bdpl_U-NPd