Текст
05.12.2025
25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. 5 желтоқсанда "Отрадное ауылының негізгі орта мектебі" КММ-нде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне» арналған ұжымдық жиналыс өтті.
Негізгі мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес.
Іс-шараның негізгі міндеттері:қоғамның назарын екі өзекті мәселеге аудару: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерді белсендіру.