Текст
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілері: Мельникова Вероника, Табылдинова Амира, Струков Егор ақпараттық-баспасөз фракциясының мүшелері мектеп кітапханашысымен бірлесіп 5-7 сынып оқушылары арасында оқулықтарды тексеру мақсатында рейд жүргізді. Рейд барысында оқушыларға оқу құралдарын ұқыпты ұстау керектігі ескертілді.