Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасы аясында 17 наурыз «Тарихқа тағзым күні» ретінде атап өтіледі. «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Отрадное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі Соколова Н.Я. 5-11 сыныптардың барлық оқушылары үшін іс-шаралар өткізілді.
8, 9, 10-сыныптарда 2021 жылғы мерейтойлық іс-шараларды қамтитын іс-шара өткізілді. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында мектеп оқушылары Желтоқсан батырларының азаматтық ерлігін жоғары бағалады. Өткен ғасырдың басында Тәуелсіздік идеясын халық арасында насихаттауға үлкен үлес қосқан, бостандық үшін жанын берген, өз Отанына құрмет көрсеткен, үлгі болған «Алаш» партиясы жетекшілерінің есімдері есімізде. Жамбыл Жабаевтың туғанына 175- жылдық мерейтойына мектеп оқушылары ақынның туған жерге, елге, ерлікке, адамгершілікке арналған өлеңдерімен танысты. Сондай-ақ 1921-1922 жылдардағы аштыққа байланысты, адамдарды тіршілік ету үшін елден қоныс аударуға мәжбүр еткен оқиғалар талқыланды.
Іс-шара осы тарихи оқиғалар туралы білімдерін көрсететін «Қазақстан тарихының білгірлері» байқауымен аяқталды.
5-7 сынып оқушылары өкетану іс-шарасында өз Отанының тарихы туралы түсініктерін кеңейтті. Олар үшін мектептің өлкетану мұражайының меңгерушісі Соколова Н.Я. ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлттық рухта тәрбиелеу, өз Отанына, жеріне деген сүйіспеншілікті Отан тарихын терең білу арқылы қалыптастыру мақсатында экскурсия ұйымдастырды.
6 - 11 сынып оқушыларына арналған «Наурыз мотивтері» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойыншылар Наурыз мейрамының тарихын, мерекелерде өткізілетін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуден сайысқа түсті.