Ауғанстан менің әлі де жүрегімде.
«Әскер» деген сөздің жер бетінде керексіз болатын уақыты болмайтын да шығар.Ешкімге хабарланбаған Ауған соғысы Ұлы Отан соғысынан екі есе ауыр тигенеді.Ауғанстанда болған әрбір жарты миллион әскердің есінде мәңгі сақтаулы. Сондай адамның бірі- Отрадный ауылында тұратын Ахметов Мұрат Қабдурашитович. Ол Көкшетау облысы,Чистопол ауданы,Читопол ауылында туған. Әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері, анасы жер аударылған неміс ұлтының қызы. 1982 жылы 8-сыныпты бітіріп, ГПТУ-ға түсіп, 1985 жылы автокөтергіш мамандығын алып шығады.Осы жылдың күзінде әскерге аттанады. Үш ай Өзбекстанда,Термез қаласында әскери оқуда болып, одан Пульхурми- Ауғанстанға жіберіледі.Әскерде болған уақытында Ауғанстанның көп қалаларында : Джелалабад, Газни, Гардез, Кандагар, Шынганд, Кундуз қалаларында болған. Автомашинада жүргізуші болып, әскери қаружарақтар тасыған. 2-3 ай казарма ғақайтпаған күндері де болған.Осындай бір сапарында машинасы минаға жарылып,бүкіл құжаттары жанып кетеді.Командирі қайтыс болып,көбі жараланады.Мұраттың өзі де жараланып,госпитальда жатып шығады.Әскери міндетін абыроймен атқарғаны үшін «За отвагу» медалімен марапатталады. 1987 жылы елге қайтып оралады.Бүгінге дейін бірге болған әскери жолдастарымен қарым-қатынасын үзбеген.Әскерденкейінбіржыл «Камаз» машинасында жұмыс істеген.Содан соң Степногорск қаласына көшіп келеді де,насос қоюшы машинист болып орналасады. 2000 жылы отбасымен Отрадный ауылына көшіп келеді.Осы уақыт бойында жұбайы Гүлайым Қазбековна қолдау көрсетуде. Олар бір қыз тәрбиелеп өсірген,қазіргі уақытта Астана қаласында тұрады.Мұрат Қабдурашитович мектепте өтілетін барлық салтанатты іс-шаралардың құрметті қонағы,сонымен қатар мектептің демеушісі.Өзінің үлгісімен балаларды елжанды азамат болып өсулеріне үлес қосады. Соғыс аяқталды,бірақ тарих мәңгілік. Ауған соғысы да тарих болып қалды.Бірақ бұл өз жерлестерімізді ұмыту деген емес,интернационалдық борышын өтегенін ұмытпауымыз керек.