«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Отрадное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Отрадное отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отрадный орта мектебі» КММ 2019-2020 оқу жылындағы тілдер онкүндігі туралы ақпарат

10.10.2019
Қазақстан халқының тілдерінің онкүндігіне орай Отрадный орта мектебінің әлеуметтік-гуманитарлық циклінің мұғалімдері іс-шаралар жоспарын жасады. 
      5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер онкүндігінің ашылуы өтті. Оқушылар іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Оқушылар назарына мектеп кітапханашысы Савосько В.М. «Мерейтой иегерлері» атты кітап көрмесін дайындады. 

     Іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдері барлық оқытылатын тілдерде сабақтар өткізді. Сабақтар жоғары деңгейде дайындалды, оқытудың белсенді әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялары қолданылды. 
     Бастауыш сынып оқушылары үзіліс кезінде мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жұмбақтарды үш тілде шешті. Байқауды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ахметова А.К., орыс тілі мұғалімі Савина А.И. және ағылшын тілі мұғалімі Мельникова С.В. ұйымдастырды.    
     Жоғары сынып оқушылары мемлекеттік тілде «2019 жыл - Жастар жылы» атты республикалық диктантқа қатысты. 
     5 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында  жас оқытушы Липовуз Е.И. жоғарғы сынып оқушылар арасында «Менің тілім - менің мақтанышым» атты эссе байқауын ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға 11-сынып түлегі Рачковская Юлия, 2-орынға 10-сынып оқушысы Табылдинов Арыстан, ал 9-сынып түлегі Аманов Диас 3-орынға ие болды. 
     Ағылшын тілі мұғалімі Мельникова С.В. 4 сынып оқушыларына арналған «Wi like English» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. 
     Қазақ тілі мұғалімдері Балтабаева Р.К. және Ахметова А.К. 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мерейтой иегерлеріне құрмет» әдеби кешін өткізді. Оқушылар әр ақынның өмірбаянымен таныстырып, еңбектеріне тоқталды. Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды. 
     Тілдер онкүндігі аясында жас маман Байсалбаев А.Т. 2,3 және 5 сынып оқушылар арасында қазақ тілінің білгірлері сайысын өткізді.
     «Тіл-достық пен келісім негізі» викторинасы тілдер онкүндігінде қорытынды іс-шара болды. 7-11 сынып оқушылар арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуден жарысты. Тілдер онкүндігінің соңында белсенді қатысушылар мен жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.
    Қазақ тілі мұғалімі Ахметова А.К., орыс тілі пәнінің мұғалімі Савина А.И. және ағылшын тілі мұғалімі С.В.Мельникова тілдер онкүндігінде өткізілетін сабақтарға, конкурстарға және сыныптан тыс іс-шараларға дайындық пен өткізуге белсенділік және шығармашылық көзқарасты көрсетті. 

 

 
Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст