«Отрадный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Мектеп пен отбасы – тәрбие бойынша серіктес» тақырыбында сынып жетекшілерінің аудандық семинары өткізілді. Семинар бағдарламасы 4-сыныпта «Менің отбасым – менің үміт аралым» атты сынып сағатынан (сынып жетекшісі Мамурина М.А.), 7-сыныпта «Отбасы – мемлекет ішіндегі мемлекет» (сынып жетекшісі Мусевич О.Б.) сынып сағаттары кіргізілді. Одан әрі бағдарламаға сәйкес «Отбасы мамандығы - мұғалім» мектеп мұражайынан экскурсия ұсынылды (мұражай меңгерушісі Соколова Н.Я.) «Ата-ана+бала =бақытты отбасы» атты отбасылық клуб отырысы өте қызықты өтті. (отбасылық клуб жетекшісі Сайбель Т.П.) Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері (Бартусевич И.Б., Аманов О.Қ.) «Отбасылар старттары» тақырыбында спорттық жарыстар өткізді. Семинар дөңгелек үстелмен және қорытындылаумен аяқталды.