Текст
Аудандық пәндік онкүндіктерді өткізу жоспарына сәйкес 6 желтоқсанда «Отрадный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де тарих және құқық негіздері онкүндігі басталды. Тарих пәнінің мұғалімі Соколова Н.Я. 6-15 желтоқсан аралығындағы іс-шаралар жоспарын жасады. Жоспарланған іс-шаралардың қатарында 5-11 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы бойынша оқу-танымдық тапсырмалар мен тестілеу, зияткерлік ойындар мен мерзімді басылымдардан бейнероликтер мен мақалаларды көру, эссе байқаулары мен парақшалар бар. Онкүндік Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күніне арналған жалпы іс шарамен аяқталады.