Текст
«Отрадный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарих онкүндігінің жоспары бойынша тарих пәнінің мұғалімі Соколова Н.Я. Қазақстан тарихынан 5-сыныпта «Алтын адам» археологиялық олжа» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім зерттеу жұмысының элементтерін көрсетті. Сабақ бойы әртүрлі тапсырмалар орындаған оқушылар тақырыпты меңгеруде жақсы нәтиже көрсетті.