2019 жылы 25 қарашада КММ «Отрадный орта мектебінде» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті тілінің мұғалімдері Балтабаева Р.К.мен Ахметова А.К. қазақ тілінің рөлі туралы өлеңдерді балаларға беріп, жатқа айтқызды.Гуманитарлық бағыттың әдістемелік бірлестік жетекшісі Соколова Н.Я. 5-11 сынып оқушыларын онкүндікте өтілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырды.Ашылу салтанаты мемлекеттік тіл туралы видеоролик көрумен аяқталды.
26 - қараша күні Отрадный орта мектебінде үзіміс кезінде оқушылар қазақ тілінде жұмбақтар шешті. Сонымен қатар олар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып осы сайысқа белсенді қатысты.
27 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова А.К. 7-9сынып оқушылары арасында «Қазақ тілінің білгірлері» атты интеллектуалды ойын өткізді. Ұлдар «Барыс» тобы мен қыздар «Бәйтерек» тобы болып екі топқа бөлініп, ойынға белсене қатысып өз білімдерін ортаға салды.
28 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баотабаева Р.К. 10- сыныпта Ә. Нұрпеисовтың «Қан мен тер» романы бойынша ашық сабақ откізді.Сабақ барысында белсенді әдіс жұмысы «Ыстық орындық жүргізілді. Видеоролик көргеннен соң оқушыларға мәтін бойынша топтық ,жұптық ,жеке жұмыс түрлері берілді. Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақ бойы қалай жұмыс істегендеріне баға берді.
3 желтоқсан күні жас маман А. Байсалбаев 3 сыныпта «Қыз айлары» тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар постер жасады, карточкалармен де жұмыс жасады.
4 желтоқсанда жоғары сынып оқушыларына арналған «Тілге құрмет» атты сыныптан тыс іс-шара қазақ тілі мұғалімі Балтабаева Р.К. өткізді. Осы шарада мектеп түлектері жеңді.
5 желтоқсанда қазақ тілі мұғалімі Ахметова А.К. 7-сыныпта «Еңбек - денсаулық кепілі» тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өткізді. Сабақта сабақтың тәрбиелік мақсатына жетуге ықпал ететін түрлі тапсырмалар қолданылды.
6 желтоқсанда А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді ізде, Абайды жақсы, ерінбе» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Жұмыс аптасының соңында қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі жабылды, онда онкүндіктің қорытындысы шығарылып, жарыстардың жеңімпаздары марапатталды, онкүндікке қатысқан ең белсенді оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.