Текст
24 қазанда «Отрадный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік мерекенің пайда болу тарихын еске түсіріп, еліміздің мемлекеттілік жолындағы алғашқы қадамы ретінде 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Декларациясын сөз еттік.
Шара барысында Отан туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды. Келе жатқан мерекеге орай 1-5 сынып оқушылары «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Мектеп директоры Т.Қ.Байсалбаева жиналғандарға және мемлекетімізге бейбітшілік пен амандық тіледі.
Мереке құтты болсын, Қазақстаным!