Текст
«Отрадное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел түріндегі жалпы мектепішілік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Отан тарихына деген қызығушылықты дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, оқушылардың рухани дүниесі мен ел алдындағы жауапкершілігін арттыру.