Текст
Апта соңында орыс тілі мен әдебиеті онкүндігінің қорытындысы шығарылды. «Мисс және Мистер каллиграфия» (үздік дәптер) байқауында 11 сынып оқушысы Аманов Аңсар мен 8 сынып оқушысы Матчанова Мадина жеңімпаз атанды. Максим Ратке, Марибелла Ратке және Эмма Мельникова ең сауатты оқушылар атына ие болды. «Оқырман» (жылдам оқу) сайысында: 5-сынып оқушысы Павел Шатохин, 7-сынып оқушысы Вероника Мельникова және 9-сынып оқушысы Алина Мельникова жеңімпаз атанды.
Филология мұғалімдері онкүндікке қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, мектеп өміріне деген қызығушылықтары үшін оқушыларға алғыстарын білдірді.