Текст
Aта-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының жобасы аясында 9- сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жасөспірімдердегі проблемалық мінез-құлық белгілері» атты сабақ өткізілді. Үлкендердің ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін үйлестіріп айтып, көрсету маңызды деген қорытындыға келдік. Ата-аналар жасөспірімге қиын мінез-құлықпен күресуге көмектесу үшін нақты қадамдар жасауы керек.