Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігінің жабылуына арналған жалпы мектепішілік «Полиглот» шарасы бастауыш сынып оқушыларының мемлекеттік тілдегі өлеңдерін мәнерлеп оқуымен басталды. Баяндамашылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байсалбаев А.Т., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Липовуз Е.И. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мельникова С.В. Олар оқушыларға мемлекеттік тілдің рөлі, шет тілінің маңызы және ұлтаралық қатынас тілі туралы айтып берді. Одан кейін 5-10 сынып оқушыларының командалары 3 тілді меңгергендерін сынайтын интеллектуалды викторинаға қатысты. Қатысушылар 3 тілде жауаптарын айту арқылы жұмбақтарды шешті. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді еске түсіріп, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған газеттің суретін салды. Шара соңында команда капитандарына қазақ және ағылшын тілдерінде өздері туралы айтып беру ұсынылды.