Сабақтың
тақырыбы:
«Тіл білгірі» сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың пән бойынша білім қабілеттерін тексеру,
ойларын тез,сауатты айта білуге
дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа ,ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сайысқа дайындау.
ІІ.
Негізгі бөлім
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Знатоки
казахского языка» сайысына қош келіпсіздер! Сайыста 2,3,4 сынып оқушылары екі топқа
бөлініп өз білімдерін көрсетеді. Здравствуйте, дорогие гости и уащиеся! Я рада
приветствовать Вас в
интеллектуальной игре «Знатоки казахского языка».
Прежде чем мы начнем
игру, нам нужно познакомиться с правилами игры
___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
В нашей игре примут участие 2-команды:
1- топ «Білгірлер »
2- топ « Алғырлар »
Бірінші сайысымызды
бастамас бұрын ,сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
Жүргізуші:
Әрқашан білімнен
қашпаймыз,
Білімсіз шуақ нұр
шашпаймыз.
“Кішкентай зияткер”
атанып,
Ал енді сайысты
бастаймыз.
Жүргізуші:
Білімнен емеспіз
кенде біз,
Өйткені Тәуелсіз
елде біз.
Сақадай сай болса
өрендер,
Ендеше басталар бәйгеміз – деп , біоінші
кезеңіміз «Бәйге» бөлімін бастаймыз.
«Ұшқыр ой – жылдам
жауап» деп балалар 10сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа
1 ұпай беріледі.
«Ойшылдар» тобына мен «Алғырлар» тобына сұрақтар
1.
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала ? (Астана)
2. Рәміздерді ата
(ту,әнұран, елтаңба)
3.
Біз қай мемілекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)
Жүргізуші:
Келесі бөліміміз «Өлең сөздің патшасы» деп аталады. Бұл
бөлімде балалар
өздерінің өлеңдерін мәнерлеп айтып береді.
Өлеңнің мәнерлі,
жақсы айтуына қараймыз.
Ана тілім- бәрін
айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Ана тілден оқып ақын өлеңін,
Мәнеріне келтіріп бір сөйлер ем. – деп мәнерлеп өлең
айту кезегіне береміз.
Ендеше сәттілік тілейік бүлдіршіндерге!
Жүргізуші:
«Ертегі есеп» бөліміне де келіп
жеттік. Бұл бөлімде ертегі оқылады.
Сол ертегінің
ішінде кездесетін сандарды санап отырып жауабын табамыз.
1-топпен,
2-топқа ертегі
1)
Балалар
, біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз.
Енді мына ертегіні тыңдаңдар.Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты
бөліп жемекші болыпты. Сонда қасқыр:
«Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың
ғой, балықтарды сен бөлші», — депті. Сонда қу
түлкі қасқырдың аңқаулығын,
есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай
бөліпті. - Біреуі саған,
екеуі маған, екеуі
саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған,
екеуі маған,біреуі
саған, біреуі маған.
Қасқырға – 7 балық
, өзіне(Түлкі) – 10 балық
Жүргізуші:
Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруді сұраймыз.
Жүргізуші: Соңғы
бөліміміз «Кім білгір?» (топ басшыларына сұрақтар)
5 сұрақ беріледі , әрбір сұраққа бір ұпайдан.
Бағындырып ең биік
асқарды,
Тылсымына тарататын
жастарды.
Ендеше кәнекей
назар салайық
Топ басшылар кезеңі
басталды.
1- топ «Ойшылдар» тобының топ басшысына
1. 3 сағатта неше минут бар? (180 минут)
2.
Әліппеде ең бірінші тұрған әріп ? (А)
3.
Дәптерге немен жазамыз? (қалам)
4.
Сенің атаң әкеңе кім? (әке)
5.
Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
2- топ «Алғырлар» тобының топ басшысына
1. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)
2.
Аптаның бесінші
күні ? (дүйсенбі)
3.Тақтаға
немен жазамыз? (бор)
4.
сағатта неше минут бар? (120)
5.
Жуан дауысты дыбысты ата (а,о,ы,ұ)
Қорытынды. Жүргізуші:
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
“білгірлер,
алғырлар”
атанып,
Жеңістің шыңына шығайық.
Әділ
қазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі «Кім
білгір,кім алғыр?» атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Білім – толқын, жатқандай асып – тасып,
Біреу — мығым , біреулер шалыс басып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, — деп бүгінгі
сайысымызды аяқтаймыз.