«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Отрадное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Отрадное отдела образования по  Буландынскому району  управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сүт тағамдары

01.02.2017

 

Сынып: 4                  Пәні: қазақ тілі                

Уақыты: 20.10.2016ж.

 

Сабақтың тақырыбы:  Сүт 

тағамдары

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: тақырыпты аша отырып,

оқушыларға  - сүт  тағамдары тақырыбына кең түсінік беру; не?қандай? ненің? деген сұрақтарға

жауап беру.

ә) дамытушылығы: есте сақтау

қабілеттерін арттыру, дұрыс және таза сөйлеуге дамыту;

б) тәрбиелігі: ұқыптылыққа , адамгершілік

тәрбиесіне тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,

сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: презентаия

 

Сабақ барысы:

I.                       

Ұйымдастыру кезеңі.

-        

Сәлемдесу;

Сабақтың ұраны: 

«Кел, бала, сабақ баста.

Жаз, оқы, сөйле, тыңда!

Айт, зертте, сұра!

Шаршама да, дем алма!

Қазақ тілін үйренсең,

Көп ұтасың сен ертең!»

 

-Кезекші көмегіне

жүгіне отырып сыныпты түгендеу;

-Сенің атың кім?

-Сен неше жастасың?

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

-Сен үйде кімге көмектесесің?

 

II.                       

Үй тапсырмасын сұрау.       

Мітінмен жұмыс. 3-тапсырманы кезекпен оқып аудару.

-сүт қандай болады?

-Сүт неге пайдалы?

-Сен сүт ішесің бе?

-Сен сүтті жақсы көресің бе?

 

III.                       

Жаңа сабақ.

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

- Балалар бүгін біз сабағымызды жаңа

модульдің тақырыбы –

 «Сүт тағамдары» атты қызықты тақырыппен

танысамыз.

Бұл сабақта біз сендермен өз ойымызды

айтып, сүт тақырыбына қатысты қызықты суреттермен, жаңаша жаңалықтармен

танысамыз.

 

Алдымен Жаңа

сөздермен танысайық:

 хормен қайталау

Сүт тағамдары-молочные продукты

Жасалады-изготавливается ( -ются )

 дәптерге  көшіріп жазып алу.

 

 

Мұғалімнің сөзі:

Сүтті төрт түлік малды асырап

аға, апаларымыз терісін, сүтін пайдаланған. Мысалы жылқының сүтінен қымыз.

Түйенің сүтінен шұбат, сиырдың сүтінен май, ірімшік, қаймақ, құрт, айран

жасаған.

Мынау –сүт тағамдары. Сүт тағамдары сүттен жасалады.

Сүт тағамдарын ата.

Балалар, тақтаға

қарандаршы .

Балалармен қайталау.

а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.

 

3-тапсырма.  Кесте бойынша айт.

           Сұраққа жауап бер.

Сүттен не жасалады?          

Сүттен айран жасалады.

 

Дәптермен жұмыс

4-тапсырма.

 

5-тапсырма. Тыңда, оқы.

         Сүт

тағамдары сүттен жасалады. Олар : айран, қымыз, шұбат, қаймақ, құрт, ірімшік,

май. Құрт, май , ірімшік, айран, балмұздақ сиырдың сүтінен жасалады. Қымыз

жылқының сүтінен жасалады. Шұбат түйенің сүтінен жасалады. Сүт тағамдары

денсаулыққа пайдалы.

 

 

IV.                       

Сабақты бекіту.

Сұрақ – жауап.

Біз осы сұрақтарға бір-бірден жауап берейік.

 

1.     Сүт тағамдарын ата

2.     Сүт тағамдары пайдалы ма?

3.     Жылқының сүтінен не жасайды?

4.     Түйенің сүтінен не жасайды?

5.     Сүттің құрамында нелер көп бар?

6.     Сүт тағамдары қайда сатылады?

7.     Балалар сүтті жақсы көреме?

 

V.                       

Үйге тапсырма:  5-тапсырма

VI.                       

Бағалау. үй жұмысына және

бүгінгі сабақтың өту барысындағы оқушылардың белсенділіктеріне байланысты «5»,

«4», «3», «2» бағаларын қою.

Просмотров: 340

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст