Текст
1 мамыр күні Қазақстан ең мейірімді және ең жарқын мерекелердің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын елдің бейбіт өмір сүруіне аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ біздің Республикамыздың аумағында олар біртұтас халық. Міне, 1 мамыр мерекесінің мәні де осы. Осы күнге орай мектеп кітапханасында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.